Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Түркістан облысында есірткі сатушылардан 3,5 келіден астам марихуана тәркіленді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, есірткі құралдарын сақтау және өткізу фактілерінің жолын кесті.

Мәселен жедел уәкілдер есірткі сақтады деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Сезіктіден марихуана салынған 1 полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ, ер адам есірткі затын Түлкібас ауданының тұрғынынан сатып алғанын жеткізді.

Полицейлер одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі сатуға қатысы бар екі күдіктіні, Түлкібас ауданының тұрғындарын ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер олардан 2 қағаз орамасын, 2 шыны ыдысқа салынған және 1 полиэтилен пакеттегі есірткіге ұқсас затты тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қорытындыға сәйкес алынған есірткі заттары жалпы салмағы 3,5 келіден асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...