Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Банкроттық: он күн ішінде 12 мыңнан астам адам өтініш берген

Танымал

Ел аузында

Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды. Елімізде 12 мың адам соттан тыс банкроттыққа арыз жазған деп хабарлады мемлекеттік Кірістер комитеті. 
 
Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса, қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Қарызы соңғы 12 ай төленбеген болуы керек. Борышкердің мүлкі болмауы шарт. Соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарт болуға тиіс. 
 
Өтініштер eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арызды қарау мерзімі – 15 жұмыс күні. Өз арызына теріс жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады. 
 
Жалпы, Қазақстанда 12 жарым мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген. 
 
Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты...