Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Тергеу кезінде ізін суытқан күдікті 6 айдан кейін ұсталды

Танымал

Ел аузында

Келес ауданының полиция қызметкерлері 2022 жылдың тамыз айында жергілікті тұрғынның ойынханасына ұрлыққа түсіп, құны 280 000 теңге тұратын ойын аппараты мен 70 000 теңге болатын бөлшектерін, сондай-ақ түрлі газды сусындарын жымқырған күдіктіні анықтаған болатын.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталған. Осы аралықта сезікті тұрғын оған қатысты іс аяқталмай тұрып, ізін суытпақ ниетпен жасырынған. Яғни 6 айдан бері хабар-ошарсыз, қашып жүрген. Ал полицейлер бұл тұрғынның жауапкершілігін қарап, жүрген жерін анықтау мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізді. Тіпті іздеу жариялап, басқа да полиция бөлімдеріне хабарлады. Осылайша үздіксіз жүргізілген іздеу шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары, сезіктінің ізіне түсіп, оны Сарыағаш ауданынан ұстады. Жауапкершіліктен жалтарып жүрген ер адам полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда ұсталған тұрғын қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар...