Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3.5 C
Nur-Sultan
8.3 C
Almaty
15.2 C
Shymkent

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Танымал

Ел аузында

        Сайрам ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында "ВАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның мас күйіне күдіктенген полицейлер, құқық бұзушыны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, автокөлік жүргізушісі мас болудың «орташа дәрежесінде» екені расталды.  Одан бөлек ер адамның 2020 жылы сот шешімімен ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі талаптарын бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.    

Іс бойынша құжаттарды жинақтаған полицейлер, жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша іс қозғады. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады. "Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал...