Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Полицейлер қызметтік итті пайдалана отырып, екі ауылдастың үйінен есірткі тапты

Танымал

Ел аузында

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау бағытында күнделікті рейдтік-профилактикалық шараларды жүзеге асырады. Осындай кезекті тексеру кезінде тәртіп сақшылары, өз үйінде есірткі сақтаған екі бірдей тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистері қызметтік иттің көмегімен ақпарат бойынша сезікті деп танылған тұрғынның үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде ер адамның үйінен 11 орынға жасырылған 11 дана есірткі орамасы табылды. Зерттеуге ұсынылған зат, жалпы салмағы 130 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.
Ал екінші тұрғынның үйіне жүргізілген тінту шаралары кезінде, ер адамның үйіндегі заңмен тыйым салынған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 1 дана қағаз орамасы табылды. Ол жалпы салмағы 19 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеуге алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...