Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Енді банк алдындағы берешегі барларға несие берілмеуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Жылжымалы мүліктің кепілімен ломбард арқылы берілетін микрокредит алу құқығы сақталады.

Банк алдында қарызды өтеу күні 90 күннен асып кеткен қазақстандықтарға жаңа несие мен микрокредиттер рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін. Осылайша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың борыштық жүктемесінің өсу тәуекелдерін азайтуды ұсынып отыр. Қоғам талқысына түсуі тиіс құжат «Ашық» үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұл тыйым борышты қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда қолданылмайды.

«90 күнтізбелік күннен астам банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады», – делінген заң жобасында.

Бұл ретте қазақстандықтарға міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілімен ломбард арқылы берілетін микрокредит алу құқығы сақталады.

Бұдан басқа, заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, сотқа дейінгі реттеу рәсімін орындау кезінде және мерзімі өткен, яғни борышы 18 айдан асқанда банктердің және МҚҰ кредиттерін коллекторларға сату мүмкіндігі көзделеді.

Сонымен қатар, банк пен клиент келісімге келе алмаған жағдайда банктер мен МҚҰ клиентке несие бойынша шартты өзгертуден бас тарта алмайды. Оның орнына агенттік проблемалық өндіріп алу несиесін коллекторлық агенттіктерге беруді ұсынады.

Заң жобасын талқылау 2023 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі

Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алматы әкімі Ерболат Досаев бейінді басқармалардың, Төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын...