Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Балаларға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти жауап берді

Танымал

Ел аузында

Маман ораза кезінде ауыз бекітіп, кейін соның салдарынан бала әлсіреп, мектепте ұйықтап қалса, сабағы нашарлайтын болса балағат жасқа толмағандықтан бұл дұрыс болмайтынын алға тартты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балалардың ораза ұстауына қатысты пікір айтты. Сөзінше, балағат жасына жетпеген балаларға ораза міндетті емес, ал ұстауға қызыққан жасөспірімдерді жазалау да дұрыс болмайды екен деп хабарлайды Qasqa Jol Youtube арнасына сілтеме жасап. 

Бас мүфти ата-аналар мен қоғам арасындағы екіге жарылған пікірге тоқтала кетті. Сөзінше шариғатымызда балағат жасына толған, ақыл есі дұрыс, дені сау адамға ораза ұстау міндеттелген. 

“Балалар егер балиғат жасына толмаған болса, шариғатымыз оларға ораза ұстауды міндеттемейді. Егер бала ораза ұстағысы келсе, ол оның денсаулығына еш қауіпін тигізбесе, басқа да қиыншылықтар туындатпайтын болса, оны ораза ұстадың деп жазалау да дұрыс емес. Бұл жерде түсіністік керек”, –деді имам. 

Маман ораза кезінде ауыз бекітіп, кейін соның салдарынан бала әлсіреп, мектепте ұйықтап қалса, сабағы нашарлайтын болса балағат жасқа толмағандықтан бұл дұрыс болмайтынын алға тартты.

Осы тұста ол өзінің де 10 жастан бастап ораза ұстағанын тілге тиек етіп, бастысы ораза мен намаздың біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес екенін ескертті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...