Неміс шахматшысы Жансая Әбдімәлікті қолдап, Нью-Делидегі сайысқа қатысудан бас тартты

Танымал

Ел аузында

Бөлмелер дайын емес және қонақүйге таксимен баруға мәжбүр болған.

Неміс шахматшысы Элизабет Петц жарыстың ұйымдастырылуына наразы болғандықтан, халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) гран-приінің үшінші кезеңінен бас тартты.

Нью-Делидегі кезең 25 наурызда басталуы керек еді, бірақ жарыстың ұйымдастырылуын ұнатпаған қазақстандық шахматшы Жансай Әбдімәліктің қатысудан бастартуына байланысты жарыс келесі күнге ауыстырылды.

Үндістанға келген кезде шахматшыларға әуежайдан трансфер берілмеді. Бөлмелер дайын емес және қонақүйге таксимен баруға мәжбүр болған. Басшылық қалған 11 ойыншымен өткізе беру шешім қабылдады, себебі оны басқа күндерге ауыстыру мүмкін болмады.

Неміс қатысушысы 11 ойыншыдан тұратын турнир форматына риза болмады, өйткені онда партияларды дәстүрлі тәртіпте ақ және қара фигураларымен өткізе алмайды. Оның гран-при сайысынан шығу туралы шешімін неміс шахмат одағы қолдады. Ол «менеджментке» және осы деңгейдегі турнирге сәйкес келмейтін ұйымдастырушылық мәселелеріне разы болған жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...