Генерал Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Саят Қамшыгермен кездесу – тәрбие мен тағылым үндестігі

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Тәрбие баспалдағы» атты ата-аналар форумы өтті. Тағылымды шараның басты...