Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

Жанармай бағасының өсуі азық-түлік құнына әсер ете ме? Жұманғарин жауап берді

Танымал

Ел аузында

Жанармай бағасы өсе ме, бұл азық-түлік құнына әсер ете ме? Бұл сауалға Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол баға өсімі тауардың түріне қарай әсер ететінін мәлімдеді. Жеңіл тауар болса, аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін.

«Жанар-жағармай қымбаттаған жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5 пайыз, ал күнбағыс майына 2,4 пайызға өседі деген болжамымыз бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір жанармаймен, дизельмен жұмыс істемейді. Олар әлдеқашан газға көшіп кеткен. Ал газдың бағасы әзір өспейді», – деді Серік Жұманғарин журналистердің сауалына.

Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының өсуіне азық-түлік қымбаттауына айтарлықтай салмақ салмайды. Өйткені биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлініп қойды. Ол арзандатылған бағамен – литрі 204 теңгеден өткеріледі.

«Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса ықпал етеді дей алмаймыз. Қазір елімізде баға тұрақты, осыған байланысты бірден өсіруге негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне, бізде азық-түлік қорлары бар. Олар белсенді жұмыс істеп жатыр», – деді Жұманғарин.

Азамат Қойшығара

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...