Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Үш жылда 315 миллион салған: депутат құмар ойынға тәуелді болғандардың оқиғасын бөлісті

Танымал

Ел аузында

Өткен аптада, 12 сәуірде Парламент Мәжілісінің депутаты, RESPUBLICA партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденов қазақстандықтар арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселесін көтерген болатын. Депутаттың Instagram-дағы оқырмандары осы уақытқа дейін құмар ойынға алданып, қанша салғанын бөлісіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Оның 20 пайызы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Қазіргі уақытта түзеу мекемелерде бір сотталғанды ұстауға күніне 5 800 теңге жұмсалатынын, жылына 2 миллион 200 мың теңге шығын келген. Осындай құмар ойындарының себебінен түзеу мекемелерінің шығыстары жалпы 76,3 миллиард теңге болған. Бұл депутат Берденовтің ресми сауалында айтылған деректер. 

РЕКЛАМА
Сонымен қатар, 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, 3 676 адам суицид жасаған, оның әрбір бесіншісін құмар ойындарға тәуелді адам жасаған.

Руслан Берденовтің Instagram-дағы оқырмандары осы уақытқа дейін құмар ойынға алданып, қанша салғанын бөлісіп жатыр. Мысалы, оқырмандарының бірі еліміздегі ең ірі екі букмекерлік кеңсеге 23 миллионға жуық қаржы жұмсаған. 

Тағы бір оқырманы екі букмекерлік кеңсеге 10 миллионнан аса қаржы жұмсаған. 

Депутаттың тағы бір оқырманы оқиғасын бөліскен. Оның сөзінше, үш жылда букмекерлік кеңселерге 700 мың доллардай берген. Бұл қазіргі доллар бағамымен есептегенде 315 700 000 теңге. Оқырман бұл тәуелділігенін оңалту орталығына жатып емделіп қана арылған.

Сондықтан депутат Руслан Берденов ресми сауалында бірнеше ұсыныс жасаған болатын. Оның ішінде, біріншіден, заңнамалық деңгейде барлық ақпараттық алаңдарда (ТВ, радио, сыртқы жарнама, билбордтар және т.б.) осындай ұйымдарды жарнамалауға толық тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, интернетте құмар ойындарды бұғаттау үшін интернет-контентті шектеу бойынша ең озық жүйелердің бірі ретінде Қытай Халық Республикасының тәжірибесін зерделеу қажет екені айтылды. 

Одан бөлек, депутат банктік карталар, POS-терминалдар, ұялы байланыс операторлары арқылы ойын шоттарының төлемдерін қабылдауға тыйым салуды ұсынды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...