Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Жаңаөзенде жарылыс болды

Танымал

Ел аузында

Оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп – салдары анықталуда.

«Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Заң мен адалдық: полиция 200-ге тарта студентке дәріс өтті

Түркістан облысының полицейлері «Адал азамат» жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруда. Соның бірі - Түркістан қаласындағы...