Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Елімізде дәрігерлер тапшылығы байқалуда

Танымал

Ел аузында

Елімізде төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Соның кесірінен халық арнайы мамандарға көріну үшін айлап кезек күтуге мәжбүр. Төзімі таусылған тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарна аударып отырса да, ақылы емханалардың есігін жағалайтынын айтады. Ал денсаулық сақтау министрлігі маман тапшылығының негізгі себебі –еңбекақы төлеу жүйесінің жетілмегендігі дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жас мамандарды әлеуметтік қолдаудың жетіспеушілігінен дәрігерлер бұл саладан да, елден де кетіп жатыр. Министрліктің мәліметінше қазір елде педиатр, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, пульмонологтар тапшы. Ал, жалпы практик дәрігерлер, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, акушер-гинеколог тіпті жоқтың қасы.

Дәрігер қабылдауын бір айға жуық күткен ақтаулық Әсел; “Отадан кейін дәрігерге қайта қаралу үшін кезегіміз келіп тұрса да қажетті маман таппай қиналып қаламыз. Өйткені көп ауруханаларда дәрігер жетпейді, есесіне емделуші көп”, – дейді.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде 276 дәрігердің жетіспейтінін айтады. Ондағылардың айтуынша, баспанамен қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламалардың барына қарамастан маман тапшылығы жойылмай отыр. Облыста анестезиолог-реаниматолог пен тәжірибелік дәрігерлер аса тапшы екен. 

“Жалпы тәжірибелік дәрігерлер жетіспейді. Ол біздің барлық бастапқы-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына қажет. Ақтау қаласында жергілікті бюджет есебінен 75-ке жуық маман интернатурада және резидентурада дайындалып жатыр. Ол мамандар дайындалып келгеннен кейін 5 жыл жұмыс істеп өтейтін болады”, – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Телегенова. 

Ал, еліміздің солтүстігінде ауруханаға емделуге келген науқастардың дәрігерге қаралуының өзі мұң болып тұр. Мұндағы тұрғындар да айлап кезек күтетіндерін айтады. Әсіресе терапевт, көз дәрігері, гинекологқа қаралу үшін екі ай бұрын кезекке тұру керек екен. Ал ұзын-сонар кезек күткенде ауруы асқынып бара жатқандар, амалсыздан ақылы емханаларға баруға мәжбүр болғандарын айтады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...