Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
25 C
Shymkent

«Қазақ тілін таңдамаңыз»: Сбербанк банкоматтары неге қазақ тілін «жатырқайды»?

Танымал

Ел аузында

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өз Facebook парақшасында «Сбербанк» банкоматтарының суреттерімен бөлісті. Оның сөзінше, банкоматтар Түркістанда орналасқан.

 

Қоғам қайраткері жариялаған суреттерде банкоматта қазақ тілін таңдамау керектігі жазылған қағаздың ілініп тұрғанын көруге болады. 

«Сбербанк Қазақстанға көзқарасы», – деп жазған Мұрат Әбенов. 

Бұған дейін Петропавл қаласының тұрғыны Ербақыт Амантайұлы да «Сбербанкте» қазақ тілін таңдау кезіндегі қиындықтар жайлы хабарлаған болатын.

«Сбербанк, мына таңбалардың мағынасын түсіндіріңдерші. Бұл не латын, не кирил әліпбиі емес», – деген еді ол. 

«Банкоматта әрдайым қазақ тілін таңдайтынмын, бірақ бүгін осындай қиындыққа тап болдым. Ештеңе түсіне алмасам да, тілді ауыстырмадым», – деп жазды Ербақыт Амантайұлы өз Facebook парақшасында. 

Сбербанктің қазақ тіліне деген бұл қай қырын қарауы екені түсініксіз, бірақ бір банктте бірнеше рет қайталанған бұл әрекет тіліміздің аталмыш мекемеде қағажу көріп отырғанының бір дәлеліндей.

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез....