Алматы маңындағы қонақүйде 26 жастағы шетелдік әйел өлі табылды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысындағы Қарасау ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен.

«Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды», – дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының бірлесуімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған...