Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Жаңбыр және жел. Қазақстандағы 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 26 сәуірде нөсер жаңбыр, жел мен шаңды дауылға байланысты бірқатар өңірде ескерту жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 2-7 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші 9-14, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай. Түнде облыстың шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысып жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте 26 сәуірде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с, шаңды дауыл сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...