Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.9 C
Nur-Sultan
13.4 C
Almaty
21.2 C
Shymkent

Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды – Президент

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы – бір бауырлас азаматтармыз.

Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылық мемлекет тарапынан заң аясында қатаң түрде жазаланады. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, заң аясында әрекет ететін болады.

Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөзі мен ісіне жауапкершілікті сезінуі қажет. Эмоцияға ерік беріп, араздық пен өшпенділік жетегінде кете беруге болмайды. Бізге шетелдік ақпараттық соғыс пен идеологиялық дау қажет емес», – дейді Мемлекет басшысы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Госкорпорация внедрила сервис по доставке готовых документов

Государственная корпорация «Правительство для граждан» внедрила в работу центров обслуживания населения услугу доставки готовых документов на указанный адрес. Сервис реализован...