Елімізде зейнетақы жинағын бизнеске салуға рұқсат берілуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Ел азаматтарына зейнетақы жинағын шағын және орта бизнеске салуға рұқсат берілуі мүмкін, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылайша қаржыны инвестициялау мүмкіндігін кеңейтуді ұсынды. Жаңа ереже қоғам талқылауына шығарылды. Талап бойынша, шағын және орта бизнестің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі керек. Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлік қоры мен Қазақстанның Даму банкінің кепілдігі болуы қажет. Ол бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 пайыз жабуға тиіс. Сонымен қатар, Қаржы агенттігі отандық брокерлерге шот ашу үшін шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...