Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Танымал

Ел аузында

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 21 мамырға дейін ұзартты, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Құдайбергенге қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылғы 21 мамырға дейін», – делінген сот мәліметінде.

Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша былтыр 22 сәуірде ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, одан кейін тағы үш айға ұзарды.

Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман – еск.) «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ, адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетім балаларға арналған “Жанұя” мамандандырылған жаңа кешеннің құрылысы

Жетім балаларға арналған “Жанұя” мамандандырылған жаңа кешеннің құрылысы аясында баспасөз-туры өтті. Баспасөз турына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, білім...