Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қостанайда үш жасар қызды ит талап тастады

Танымал

Ел аузында

Әдетте, ит тістегеннен кейін жара орны іріңдеп кетеді, әсіресе бет аумағында қауіп көп, себебі инфекция миға шауып кетуі мүмкін.

Қостанай облысында қабаған ит үш жасар қызды талап, бет-аузының сау-тамтығын қалдырмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алау» порталының жазуынша, оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған. Үш жасар сәбиге питбуль иті тарпа бас салып, бетін жұлып алған.

Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен.

«Қыз бала ауруханаға ауыр халде, шок жағдайынада жеткізілді. Ерні, бет-аузы жыртылған. Шұғыл түрде ота жасалды. Жараларын тіктік. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Жүгіріп, өздігінен тамақтанып жүр. Тіккен жерлерін бақылап отырмыз. Қабыну болған жоқ. Әдетте, ит тістегеннен кейін жара орны іріңдеп кетеді, әсіресе бет аумағында қауіп көп, себебі инфекция миға шауып кетуі мүмкін. Қазір балада бәрі жақсы. Дене қызуы жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді алып тастаймыз. Сосын ауруханадан шығарылады», – деді Игорь Белобржицкий.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...