Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.4 C
Nur-Sultan
22.2 C
Almaty
25.1 C
Shymkent

1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

Танымал

Ел аузында

Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Business.enbek.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Грантқа кімдер қатыса алады?

Көп балалы тұлғалар (көп балалы жәрдемақы алушылар);
Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі;
Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар;
Мүгедектер;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар;
Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.
Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын.

Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023

3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023

4- легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді.

Грант алудың негізгі шарттары:

  • Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);
  • Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату;
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

7 шілде күні Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында...