Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

«Музей түні» акциясы өткізіледі

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2006 жылы «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне арналған «МУЗЕЙ ТҮНІ» халықаралық акциясын өткізген еліміздің алғашқы музейі.

«МУЗЕЙ ТҮНІ» халықаралық акциясы – қала тұрғындары мен қонақтарына музей жәдігерлерімен танысуға, мәдени-танымдық бағдарламалар арқылы тарихтың жаңа парағын ашуға мүмкіндік беретін рухани-ағартушылық жоба.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 18 мамыры күні, сағат 18.00- 00.00 аралығында «Музейдің тұрақтылығы мен өркендеуі» ұранымен дәстүрлі «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» акциясы 18-ші рет өткізіледі. «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» акциясы музейлер қорындағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы музей қызметкерлерінің еңбегін қолдап және ұлттың игілігін құрайтын құндылықтарды кеңінен насихаттауды көздейді.
Мәдени іс-шара барысында Орталық музей қоры және жеке коллекциялар негізінде ұйымдастырылған бірнеше жаңа көрме ашылады. 
«Ер жігіттің бес қаруы бойында...» көрмесі арқылы музей қонақтары ҚР Мемлекеттік орталық музейінің ерекше қару-жарақ коллекциясымен таныса алады.  Көрмеде қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық экспедиция материалдары: найза ұштары, сүңгі, жебелер, қола қылыштар, қанжарлар мен пышақтар, сондай-ақ қазақ ұлттық қарулары – садақ, жебе, қорамсақ, қын, қылыш, қанжар, пышақ, найза, айбалта, сойыл, шоқпар, қорғанысқа арналған жарақтар – дулыға, қалқан, шарайна, кісе белдіктер және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Екінші дүниежүзілік соғыстары кезінде қолданған қару түрлері де көпшілік назарына ұсынылады.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, сәулетші, суретші, Тамара Волкованың «Көне жәдігерлердің өмірі мен символикасы» атты көрмесінде қылқалам шеберінің 80-нен астам туындылары, сонымен қатар, еліміздің белгілі тұлғалары мен кәсіби суретшілерінің «XXI ғасыр көшбасшылары мен танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық»  шығармашылық жобасы негізінде туындаған картиналары ұсынылады. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш жоба 100-ге жуық елімізге еңбегі сіңген танымал тұлғалар – Асанәлі Әшімов, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова және т.б. өнер және қоғам қайракерлерінің қатысуымен іске асырылды. Мерекелік жиынға арнайы қатысып отырған мәдениет және қоғам қайраткерлері «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» қонақтарын құттықтайды деп күтілуде.
«Музей түні» акциясының аясында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты арт-пленэр ұйымдастырылып, Қазақстанның 15 танымал суретшісі өз туындыларының тұсауын кеседі. Қылқалам шеберлері Халықаралық музей күні кәсіби мерекесіне орай  Орталық музейге жаңа жұмыстарын сыйға тартып, музейдің кескіндеме қорын толықтырады. Арт-пленэрдің демеушісі – «Чжунсиньговень» үкіметтік емес ұйымы және 2016 жылы Алматы қаласында құрылып, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың артуына дәнекер болған «Бүгінгі Жібек жолы» басылымы.  

«Үш діннің бірегей жазба үлгілері: Тәурат, Інжіл, Құран» – «Үш зат-үш тарих» атты көрме аясында музейлік тақырыптық сабақ өткізіліп, ерекше және сирек кездесетін рухани жәдігерлер негізінде, яғни, бұзау терісіне жазылған Тәурат (XIV-XV ғғ.), 1751 ж. жарық көрген Інжіл және Түркияда жазылған Құран (XVIII-XIX ғғ.) сияқты құндылықтармен музей келушілері таныса алады.

Музей түні шарасы аясында басқа да, атап айтқанда заманауи технологияларды қолданатын сәндік-қолданбалы өнер және дәстүрлі қолөнер түрлері бойынша шеберлік сабақтарын «Шеберлер ауылы» қолөнершілері өткізеді. Акцияға қатысушылар киіз басу, жүннен сурет жасау, гипстен фигуралар, кескіндеме, қыш, зергерлік бұйымдар, бисер бұйымдары, кесте тігу, балшықтан модельдеу, көркем керамика, кілем тоқу, ағаш өңдеу және металл өңдеу бойынша шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алады.

Шеберлік сабақтарын Қазақстан және Өзбекстанның белгілі шеберлері, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушылары, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледж жас шеберлері, «Salta-Art» арт-студиясы және Алматы Оқушылар сарайының шеберлері өткізеді.

Мерекелік шара барысында «Топжарған» этно-мәдени орталығы аңшылар шеруін ұйымдастырып, қазақ саятшылық кәсібін көпшілікке таныстырса, «Сал-сері» этноспорт федерациясының өкілдері ұлттық «садақ ату» спорт түрін, ал Данияр мен Асылгүл Байдаралы «Бес қару» өнерін паш етеді.

Балаларға арналған Коворкинг орталығында «Жеті қазына», «Қазақ зергерлік бұйымдары», «Ұлы Жібек жолы» тақырыптарында музейлік сабақтары мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Музей түніне белгілі өнер жұлдыздары, мемлекеттік оркестрлер мен музыкалық шығармашылық топтар: Tengri Group, З.Алтынбаева, Ж.Серкебаева, А.Еңсепов, О. Татамиров, Т.Рақымбаев, «MEZZO» вокалдық тобы, ҚР Халық әртісі М.Серкебаевтың басқаруымен Алматы қаласы Әкімдігінің концерттік оркестрі, М. Төлебаев атындағы музыка мектебінің оқушылары, «Берен» вокалдық тобы, «Шабыт» және «Кербез» би ансамблдері, «Нәзік» жетігеншілер ансамблі, Бауыржан Тәңірберген, Олжас Шерхан, Қуандық Үсен, Руслан Нұрғали және т.б. өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, музей қонақтары этникалық стильде безендірілген түрлі-түсті фотозонада суретке түсе алады.

Музей қонақтарын сақ патшайымы Томирис пенсақ жауынгері Алтын адам сән-салтанатымен күтіп алады.
«Музей түні-2023» акциясының ресми ақпараттық серіктестері креативті индустрияны дамыту үшін бірегей көше гаджеттерін – смартборд тақталарды шығаратын  – отандық Smart City және AdTech CITIX компаниялары.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі шаһар тұрғындары мен қонақтарын «МУЗЕЙ ТҮНІ -2023» акциясына қатысуға шақырады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...