Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстанда қандай тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға болмайды?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда салынып жатқан әрбір екінші үй рұқсатсыз салынып жатыр. Мұндай деректер мемлекеттік тұрғын үй порталында жарияланды. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша үлестік қатысуға тыйым салынған 168 тұрғын үй кешені бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада ең көп құрылыс салушы-бұзушылар анықталды. Тізімде жүздеген тұрғын үй бар.

Алматыда тұрғын үй сатып алуға болмайтын 6 нысан бар, олар: 

«Верона»
«Достар Делюкс»
«Орда Сити»
«Демеу Резиденс»
«Толе Би Резиденс»
«Ауэзов Апартаменты»
Шымкентте сатуға тыйым салынған тізімде барлығы бес тұрғын үй бар: 

Capital City.
«Тарту».
«Латифа».
Alim.
Capital.

Аймақтардағы заңсыз салынып жатқан үйлер саны. Фото: homeportal.kz

Егер аймақтар бойынша айтар болсақ, заңсыз салынып жатқан үйлер Абай облысында және ШҚО-да көп. Әрқайсында заңсыз салынып жатқан 15 тұрғын үй бар. 

Одан кейін Атырау облысында – 8 тұрғын үй, Ақтөбе облысында 5, Ақмола және Қостанай облыстарында 1 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр екен.  

Айта кетейік, заңсыз салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу қауіпті. Себебі пәтер аламын деп ақша салғандар үйді де, ақшасын да қайтарып ала алмауы мүмкін. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана»  жобасы жалғасуда

Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін Медеу мұз айдынына ерекше әрі қызықты...