Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Жұбы жарасқан кентаулық полицейлер

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция бөлімінде ерлі-зайыпты полицейлер қызмет етеді. Қайғыда да, қуанышта да бірге жүрген қос тәртіп сақшысы өздерінің отбасы бақытының құпиясымен бөлісті.

Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі полиция капитаны Бекзат Қабылбеков пен Бұлбұл Нүсіпжанованың отау құрғандарына биыл 9 жыл. Ерлі-зайыпты полицейлер Алматы академиясында оқып жүріп танысқан. Соңынан отбасын құрып, бүгінде 4 перзент сүйіп отыр.
«Полиция қызметкерлері бір-бірімен отбасын құрса, жанұясы да мықты болады. Біз үйде жүргенде жұмыс туралы айтпаймыз. Ал қолымыз босағанда қыздарымызбен көбірек уақыт өткізуге тырысамыз»- дейді отағасы. Полицей Бұлбұлдың сөзінше, бұл мамандықты таңдауына әкесі себепкер болған. Сондай-ақ мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына мүлдем өкінбейтінін алға тартады. Бұл сала асқан күш пен батылдықты қажет етеді. Ал мен өз мамандығымды қиын деп есептемеймін. Себебі бұл саланы бала кезден армандап келгенмін дейді. «Таңертең ерте тұрып, кез-келген уақытта жұмысқа шақырып қалғанда жолдасым екеуміз дайын тұрамыз. Бұл жағынан зайыбым екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оған қоса балаларымның тәрбиесі, сабағы бар. Әйел болғандықтан үй шаруасын жасау керек. Шынында әйел үшін қызмет пен үйдің жұмысын алып жүру оңай емес. Десекте бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шыққым келеді»- деп түсіндірді Бұлбұл. Бүгінде ерлі-зайыпты полицейлер қызметте қатар жүру отбасы бақытына кедергі келтірмейтініне сенімді. Қайта тағдыры мен қызметі тоғысқан жандар болғанына қатты қуанады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...