Алматы тауларында аустралиялық ер адам жоғалып кетті

Танымал

Ел аузында

Алматы тауларында аустралиялық ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілер аустралиялық Херд Джейк Майклды іздеп жатқаны туралы хабарлады. Ол 21 мамырда Қазыбек би көшесі, 66 мекенжайындағы «727» жатақханасынан Үлкен Алматы көліне (БАО) шыққан.

Instagram-да оның көлдің жанында түскен суреті бар. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жоғалған ер адамды соңғы рет 20 мамырда, сенбіде кешке жатақханада сүйіктісі көрген. 22 мамырда олар Аустралияға қайта ұшуы керек еді.

Іздеу жұмыстарына волонтерлер, «Лидер» еріктілері, полиция, сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған.

Шетелдік азаматтың қайда екені туралы мәліметі бар немесе оны тауда көргендер 8 701 357 92 91 нөміріне хабарласуын немесе полицияға хабарлауын сұраймыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...