Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Ата-ана шешім қабылдауы керек: Аймағамбетов мектепте жыныстық тәрбие беру туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына жыныстық тәрбие беруді ата-аналарға жүктеу керектігін айтты және мектептерде мұндай сабақтардың қажеттілігі туралы пікір білдірмеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектептерде жыныстық тәрбие бойынша сабақтар өткізу туралы білім министрі айтып берді. 

«Мектеп бағдарламасы шеңберінде жас ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір ақпарат дайындалған. Біз жыныстық тәрбие туралы сөйлескенде тек мектепте беру туралы ғана емес, әр ата-ана тәрбиелеп, қамқорлық жасауы керек. Бұл ата-ананың баламен қарым-қатынасына тікелей байланысты. Сондықтан, мектепте жыныстық тәрбие беру туралы ата-анасы шешім қабылдауы керек», – деп жауап берді министр.

Ол бұл тақырып бойынша әңгімелесу мен тәрбие жұмысын ата-аналарға тапсыру керектігін айтты.

Алайда ол мұндай сабақтар мектептерде қажет пе деген сұраққа жауап бермеді.

«Бұл мәселе бойынша түсініктеме бермеймін», – деді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...