Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Досхан Жолжақсыновқа той өткізгені үшін айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин кезінде көпшілікті жинап, үлкен іс-шаралар өткізгендердің арасында кімдердің жазалғанын айтты, деп хабарлайды Uakytnews.kz.

Қалада карантин талаптарын бұзу бойынша заңды тұлғаларға қатысты 724 хаттама толтырылды. Оларға 252 миллион теңге айыппұл салынды. Жеке тұлғалар бойынша 5 694 хаттама толтырылды. Олар енді 252 миллион теңге айыппұл төлейді, – дейді Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте.

Одан бөлек, Әлия Назарбаева «Место силы» атты кітабының тұсаукесерін өткізген Абай атындағы опера және балет театрының директоры да 670 мың айыппұл төлейді. Баян Алагөзова күйеуінің туған күнін тойлаған Le Dome мейрамханасының иесіне де осы мөлшерде айыппұл салынды.

Алматының бас санитар дәрігері мониторинг жұмыс істеп жатқанын, мерейтойлар мен салтанатты кештерді өткізгендерді жазалағанын хабарлады.

9 қазанда алты мыңнан аса адамды жинап, пикиник өткізген «Ариал» гольф клубының басшысына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Иесіне 670 мың теңге, ұйымдастырған адамға 87 мың теңге айыппұл салынды, – дейді ол.

Жақында елгілі белгілі кино актері, режиссер Досхан Жолжақсынов 70 жылдық мерейтойын дүркіретіп өткізген болатын. Оған елдің игі жақсылары қатысқан. Бірақ той иесі карантин талаптарын сақтамай, қатысушылардың саны шектен тыс көп болған. Осыған байланысты Svetlana мейрамханасының иесіне 670 мың теңге айыппұл салыныпты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...