Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Сынымызға Сбербанк жауап берді

Танымал

Ел аузында

Бір күн бұрын сайтымызда ««Қазақ тілін таңдамаңыз»: Сбербанк банкоматтары неге қазақ тілін «жатырқайды»?» деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын.

Онда Сбербанк банкоматтарының қазақ тілінде дұрыс жұмыс жасамайтыны, тіпті халық қазақ тілін таңдаса бұзылып қалу қаупі бары сынға алынған еді. Мақаламызға орай Сбербанк өкілі жауап берді деп хабарлайды Uakytnews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшамызға жауап берген Айсулу Жинакбай:

«Құрметті клиенттер!Орын алған жағдайға қатысты төмендегіні хабарлаймыз:Банкоматтардың белгілі бір түрлерінің бағдарламалық қамсыздандыруына техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі кейбір операциялар уақытша істен шықты. Түркістандағы клиенттердің басым көпшілігі қазақ тілін таңдайтындығы ескеріліп, клиенттерге ескерту мақсатында бөлімшедегі менеджер өз еркімен уақытша хабарлама іліп қойды. Хабарламаның мәтіні ешкіммен келісілмеді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта операциялар барлық тілде жұмыс жасап тұр.Құрметпен, Сбербанк!» деген

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілінен «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының...