«Туған қызын зорлау дерегі бұрын да болған» – психолог

Танымал

Ел аузында

Былтыр кәмелетке толмаған жасөспірімдерді зорлау бойынша тіркелген істің көбі бәрі ата-ана, педагог, асыраушысы тарапынан болған.

Бұрын-соңды «өгей әкесі қызын зорлады» дегенді жиі еститін едік. Ал қазір әкесі туған қызын зорлағаны туралы дерек көбейді.

Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше:

2017 жылы — 146 дерек ;

2018 жылы — 132 дерек;

2019 жылы — 85 дерек;

2020 жылы — тіркелген 199 қылмыстық істің 128-і сәбилерге қатысты.

Ал 2021 жылдың көктеміне дейін 825 қылмыстық іс тіркелсе, оның 669-ына жақындарының (81 пайыз), ал 10 пайызы — әкесі мен өгей әкесінің қатысы болған. Бұған не себеп? 

Психолог Күлмаш Елшібаеваның айтуынша, мұндай жағдайлар бұрын да болған. «Ол кезде цензура қатал болды. Сондықтан да ешқандай ақпарат тарамады. Маған менің жасымдағы, тіпті 80-90 жастағы кісілер келіп, балалық шағындағы психологиялық жарақатын айтқанда сондай сұмдық оқиғаның болғанын жасырмайды. Оны қазір жерден жеті қоян тапқандай етіп жариялайды. Бүгінде мұндай ақпарат интернет арқылы демде тарап кетеді. Бәрі ашық болып кетті бізде. Ұяттан қалдық. Жалпы, қазақ табиғатынан ұяң ұлт еді ғой. Ал бүгін еліктейміз деп ұятты ысырып тастадық. Жеке басымыздың мәселесін жұрт алдына ұялмай шығара беретін болдық», — дейді психолог.

Ал келесі бір психолог Майгүл Бағыбаева болса, өз қызын зорлап-қорлап жүрген әкеде қандай да бір патология болуы мүмкін екенін айтады.

«Әкесі туған қызын зорласа, оған қыздың ашық-шашық жүргені, тәрбиесі себеп емес. Демек, ол адамда ақау бар. Есі дұрыс адам ондай әрекетке бармауы керек. Ол адам психиатрға қаралуы тиіс. Өгей әкесі зорлаған қыздармен де жұмыс істедім. Бірақ әлі «туған әкем зорлады» деп алдыма ешкім келмеді», — дейді ол.

Психолог Ермек Нұрымның пікірінше, адам шошырлық мәселелер көбейіп кетті. «Бірінші кезекте «адам бұндай қадамға неге барды?» дегенді зерттеу керек. Көбінесе зардап шегетін әйелдер. Себебі, өзінің бұрынғы күйеуінен қалған балаларымен бірге өзге жанға қосылады. Бірақ ол адамның ойында не жатқанын ешкім танып біле алмайды.

Екінші, педофилия жасайтын азаматтардың бала кезде өзі де соның құрбаны болған немесе зорлық-зомбылықтың ортасында өскендер.

Үшінші, адамға психологиялық зақым келгенде өзіне жауап бере алмайды. Мысалы, шизофренияға шалдыққан. Бірақ ол өзін ауру деп ешқашан санамайды.

Express Qazaqstan

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов: «Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.