Түркістан облысының полицейлері балалармен бірге Флешмоб ұйымдастырып, бейбітшілік құсын ұшырды

Танымал

Ел аузында

«1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай облыс орталығының тәртіп сақшылары адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Оқушылар сарайына» арнайы барып, ондағы өнерпаз жас жеткіншектерімен көңілді уақыт өткізді. Балалармен сұқбаттасып, олар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар кездесу соңында флешмоб ұйымдастырылды. Яғни заманауи би түрлерін ұсынған балалардың ортасына полицейлер шығып, барлығы бірге аспанға «бейбітшілік құсы» аталып кеткен көгершіндер ұшырып, ерекше көңіл-күй орнады.
Өз кезегінде балалар полицей аға-әпкелерімен есте қаларлық уақыт өткізгеніне қуанып, ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде донорлық үдерістер қолданыстағы заңнама...