Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тәркіледі

Танымал

Ел аузында

   Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады.
    Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер, үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрі сақтаған Түркістан қаласының тұрғынын анықтады.
    Тінту кезінде жедел уәкілдер жас жігіттен шолақ мылтық пен патрондарын тәркіледі. 
     Аталған факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.
     Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Сондай-ақ күдіктінің атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...