Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері бірқатар жанұяға қайырымдылық жасады

Танымал

Ел аузында

Қашанда көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуде белсенділік танытатын Түркістан облысының полицейлері кезекті рет аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, алғысқа бөленді.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы М.Естемесов бастаған бір топ қызметкерлер, облыс орталығындағы бірқатар жанұяға арнайы барып, тұрмысқа қажетті азық-түліктер апарып, қайырымдылық жасады.
Яғни тәртіп сақшылары егде жастағы қария мен 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған, сонымен қатар тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың үйіне арнайы барып, қуантып қайтты. Балаларға ойыншықтар үлестіріп, ал аналарға «Әйел бақыты» гүлін сыйлады.
Полицейлер тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері мен ақ жаулықты аналар полицейлерге ізгі амалдары үшін алғыстарын айтып, қызметтеріне табыстар тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...