Ақтөбеде әйел есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әйелден бір келіден аса есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

8 маусымда саяжай кооперативтерінің бірінде 29 жастағы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде одан салмағы 0,75 грамм зат салынған бума табылды. Оның тұрғылықты жерінен есірткі заты салынған 10 пакет пен электрон таразы тәркіленді.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдері әйелдің төрт жерден белгі қойғанын хабарлады. Тексеру кезінде ұнтақ секілді заты бар тағы 70 бума табылды. Тәркіленген психотроп заттардың жалпы салмағы бір келіден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...