Ажар Ғиният Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясының анықталуына қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясының анықталуына байланысты тексеруді бастады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният былтыр АИТВ инфекциясын 4 мың адам жұқтырғанын айтты. Ал екі жыл бұрын 3,5 мың жағдай тіркелген.

«Алматыдағы бұл оқиғаға байланысты ақпарат түсті. Комиссия жіберілді. Біз аурухана ішінде инфекцияның таралмауын қадағалаймыз. Тексеруден кейін толық ақпарат береміз. Енді эпидемиологиялық тергеу жүргізу керек, инфекцияның көзін, инфекция жолын анықтау керек, ауруханаішілік инфекция болған жоқ. Министрліктің, комитеттердің үздік мамандары сол жерге жіберілді», – деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...