Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстан мұнайды тегін таратып жатыр немесе министр Сұлтанов кімге жұмыс істейді?

Танымал

Ел аузында

Қазақстан қызық мемлекет. Түсініп болмайсың. Халыққа бірдеңе беруге келгенде шенеунік біткен бюджетте ақша жоқ деп қасарысып отырып алады. Ал, жеке компанияларға мемлекет есебінен жеңілдік жасауға келгенде шетінен жомарт. Жақында Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтановтың арнайы бұйрығы шықты. Онда шенеунік өзінің бір қолтаңбасымен-ақ Қазақстандағы ең ірі мұнай компанияларын біршама салықтан босатты. Яғни бюджетті, қазақстан халқын қаншама табыстан айырды. Сонда Сұлтанов мырза кімге жұмыс істейді?

Биылғы 7 қазан күні Бахыт Сұлтановтың арнайы бұйрығы шықты. Ол бойынша елден сыртқа әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан шыққан тауарларға кедендік баж салықтарын салу ережелеріне өзгеріс енгізілді. Біз маман емеспіз әрине. Жілік шаққандай талдап беру қиын. Дегенмен, осы бұйрықтың 2 тұсы көңілге қатты күдік ұялатып отыр.
Ең бірінші айтатын нәрсе біздің республикалық бюджетке түсетін қаражаттың негізгі бөлігі осы мұнайды игеруші компаниялардан түсетін экспорттық салықтар. Ашық ақпарат көздерінен алған мәліметке сенсек сыртқа шығарылатын шикі мұнайдан бюджетке түсетін алымдар тек қана 2018 жылы шамамен 450 млрд теңгені құраған.
Басынан бастайық. Бірінші түсініксіз тұсы:
Бұйрықтың 1 бөлімі бойынша Евразиялық экономикалық одаққа немесе Қазақстанмен арнайы екі жақты келісім жасаған мемлекеттерге шығарылатын шикі мұнай кедендік баж салықтарынан толық босатылады.
Сонда Еуразиялық Одаққа мүше көрші елдер біздің мұнайды тегін талай берсін дегеніміз бе? Олар бізден алып, әрі қарай алыс шетелге қымбатына сатса қайтеміз (оны қалай дәлелдейсің? Өзімнің мұнайым деп отыра береді ғой). Сонда біз өз байлығына өзі ие бола алмаған таза ақмақ болғанымыз ба? Әлде біздің мұнай кім қалай талан-тараж қылса да бола беретін қожайыны жоқ зат па? (әлде қожайынын Сұлтанов па?).
Екінші түсініксіз тұсы:
Бұйрыққа сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кеніштерден өндіріліп, сыртқа сатылған шикі мұнай кедендік баж салықтарынан толық босатылады. Бұл жерде бұйрықтың екі маңызды тұсына мән беру қажет. Біріншісі бойынша мұнайдың орташа бағасына сілтеме жасалған (әлемдік баға айтылып тұрған болар). Яғни салықтан босатылу шарты, егер мұнайдың баррелінің орташа бағасы 95 АҚШ долларынан төмен болған жағдайда (2032 жылдан 100 доллардан төмен болғанда т.с.с кете береді) деп көрсетілген. Ойбай-ау, мынау дегеніңіз таза ұрлық емес пе? Халықтың қазынасы деп айтылатын мұнайды көре көзге тегін тарату ғой. Мұнайдың баррелінің бағасы қашан 95 доллардан артық болып еді??? Мұндай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман екі-ақ рет қана, қысқа уақыт 2008-2009 жылдары және 2012-2014 жылдар аралығында ғана болды (Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде). Басқа кезде итшілеп, өзіндік құнына төмендеп кеткен кездер де болды емес пе?. Баға былтыр 15 долларға дейін түсті, қазір 85 долларға көтеріліп шүкір-шүкір деп отырмыз. Мұны неге айтып отырмыз? Ұзақ мерзімдік тренд бойынша болашақта мұнай бағасы түсетіні анық (мұны бәрі біледі). Өйткен бүкл әлем балама(қайтарымды) қуат көздеріне көшуде. Бұл дегеніңіз мұнай бағасы енді ешқашан 95 доллар болмайды, яғни Сұлтановтың арқасында Қазақстан Каспий мұнайынан ЕШҚАШАН салық алмайды (кедендік баж салығын)деген сөз ғой.


Енді ең басты сұрақ. Халықтың, мемлекеттің иелігіндегі қазба байлықтарын сыртқа тасығаны үшін үшін кімнің қанша салық төлеуін неге Сұлтанов жеке дара өзі шешуі тиіс? Бұл мұнайға (одан түсетін табысқа) бүкіл халық қарап отырған жоқ па?
Тағы да қайталап айтайын, бұл жерде мен білмейтін қырлар болуы мүмкін. Дегенмен, таза осы түрінде мына бұйрық халықтың байлығын тегін тарату болып көрініп тұр. Сондықтан Б. Сұлтановтың министрлігі, мамандары осы бұйрықты халыққа түсіндіріп беруін сұраймыз.


Ал, мынау әлгі бұйрыққа сілтеме. 15 қазан күні сайтында жарық көрді.

Вывоз нефти с месторождений Каспия освободят от таможенных пошлин
15 октября 2021, 14:40
Фото: primeminister.kz
Приказом министра торговли и интеграции от 7 октября 2021 года внесены изменения в Правила расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти, сообщает zakon.kz.
Согласно дополнения вывоз сырой нефти с территории Республики Казахстан не облагается вывозными таможенными пошлинами в случаях:

  1. вывоза в страны Евразийского экономического союза, либо страны, с которыми у РК заключены дву- или многосторонние договоры, предусматривающие освобождение вывоза сырой нефти от уплаты вывозных таможенных пошлин, если иное не предусмотрено законодательством республики;
  2. вывоза недропользователями сырой нефти, добытой ими по соглашениям (контрактам) о разделе продукции, заключенным с правительством РК или компетентным органом до 1 января 2009 года и прошедшим обязательную налоговую экспертизу, в которых предусмотрено освобождение сырой нефти от уплаты вывозных таможенных пошлин;
  3. вывоза недропользователями сырой нефти, добытой ими по контрактам на недропользование, не являющимся соглашениями (контрактами) о разделе продукции, в которых предусмотрено освобождение сырой нефти от уплаты вывозных таможенных пошлин за исключением сырой нефти, вывозимой недропользователями, осуществляющими уплату роялти;
    А также вывоза сырой нефти, добытой в рамках контрактов на недропользование по морским месторождениям, полностью расположенным в казахстанском секторе Каспийского моря:
    • с 1 января 2027 года по 31 декабря 2031 года включительно при среднемесячной цене нефти ниже 95 долларов за баррель;
    • с 1 января 2032 года по 31 декабря 2036 года включительно при среднемесячной цене нефти ниже 100 долларов за баррель;
    • с 1 января 2037 года по 31 декабря 2041 года включительно при среднемесячной цене нефти ниже 105 долларов за баррель;
    • с 1 января 2042 года при среднемесячной цене нефти ниже 110 долларов за баррель.
    Приказ вводится в действие с 25 октября 2021 года.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...