Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

Қырғызстанда енді барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғызша сөйлеуге міндеттелді

Танымал

Ел аузында

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров барлық мемлекеттік қызметшіні жұмыс барысында қырғыз тілінде сөйлеуге міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24. kg-ға сілтеме жасап. 

Құжатта қай салада мемлекеттік тілде қызмет көрсету міндеттелгені жазылған. Құжат бойынша, енді барлық министрлік пен ведомство құқық қорғау органы, сот, прокуратура, депутаттар, мұғалім мен дәрігер қырғызша қызмет көрсетуге міндетті.

Бірлескен және шетелдік ұйымдардың атаулары қырғыз тіліне транслитерациямен берілуге тиіс. Телерадио ұйымдары, оның ішінде жекеменшік ұйымдар өз бағдарламаларының кемінде 60 пайызын мемлекеттік тілде көрсетуге міндетті.

Заң бойынша, орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады.

«Қырғызстан өз аумағында тұратын этнос өкілдерінің тілін еркін қолдану қағидатын ұстанады және осы тілдердің дамуына жағдай жасауға кепілдік береді. Әрбір азамат өз ана тілін сақтауға, үйренуге және дамытуға жағдай жасауға құқылы», – делінген құжатта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...