Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Ұрылар айыптаған. Түркістан облысында полицияның алты қызметкері ұзақ жылға сотталып кетуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында полицияның алты қызметкері ұзақ жылға сотталып кетуі мүмкін. Түркістан қалалық сотында прокурор судьядан «Азаптау» айыбына іліккен алты полицейдің бәрін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сауран аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері атақ-шендерінен де айырылып қалмақ. Мемлекеттік айыптаушы Ербол Шінәділ полицейлерді 5 және 5 жыл 6 айға дейін соттап, жазаларын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады. Алайда қамаудағы полицейлердің ешқайсысы өздеріне тағылған айыпты мойындамады.
Полицейлер бұрын сотталған, қылмыс жасап, жазаларын өтеп шыққан екі тұрғынды қой ұрлағандары үшін ұстаған. Сол кездегі қос күдікті ауылдағы зейнеткерден кешірім де сұрап, ұрлаған қойларын тұрғынға төлеп те берген. Сонымен іс те қысқарған. Бірақ, арада бірнеше ай өткенде, қой ұрлағандар судан ақ, сүттен таза болып шығады да, полицейлер өздерін «азаптап», «күштеп мойындатты» деп арыз жазады.
Айыптау актсын оқыған прокурордың сөзінше, 2022 жылдың 8 ақпанында полицейлер Нұрболат Өмірбеков пен Досан Дәулеткелдіні екі қой ұрлады деген күдікпен ұстаған. Бұрында да қылмыс жасап сотталғандарды Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген және «азаптаған».


«ҚР Қылмыстық кодексінің 58 бабының 3 бөлігімен Бекзат Әділгерейұлына 5 жылға құқық қорғау органдары қызметімен айналасу құқығынан айырып, Қылмыстық кодекстің 49 бабы, 1 бөлігінің негізінде полиция капитаны арнаулы атағынан айырып, 5 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды. Мейірман Азамат Раушанұлы 146 бабы 2 бөлігі 1-2 тармақтары 414 бабымен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 3 жылға құқық қорғау органдары қызметімен айналасу құқығынан айырып, Қылмыстық кодекстің 49 бабы, 1 бөлігінің негізінде полиция капитаны арнаулы атағынан айырып, 5 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау. Жазаны қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу. Шегеев Рахат Бақытжанұлы ҚР ҚК 146 бабы 2 бөлігі 1-2 тармақтары, ҚК 414 бабы 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 3 жылға құқық қорғау органдары қызметімен айналасу құқығынан айырып, Қылмыстық кодекстің 49 бабы, 1 бөлігінің негізінде полиция лейтенанты арнаулы атағынан айырып, 5 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Сотталушылардың қатарында Бекзат Құдайқұл, Азамат Мейірман, Рахат Шегеев, Ерсейіт Еденов, Бексұлтан Өсербай, Алтынбек Ажеков сынды полицейлер бар. Олар «Айыптау» бабы бойынша күдікті. Алты полицейдің ісін Түркістан қалалық соты 3 наурыздан бері қарап жатыр. Бес айдан асқан сот ісі аяқталуға жақын. Прокурор барлық сотталушыға қандай баптармен айып тағылғанын және соттан қандай жаза тағайындауды түгелдей оқып шықты. Ал сотталушылардың жақындары сот тергеуімен де, прокурордың сұраған жазаларымен де келіспейді.


«Еденов Ерсейттің анасымын. Балаларымыздың тергеу изоляторында жатқанына 10 айдан асты. Қой ұрлау фактісі бойынша қылмысты ашқаны үшін айыпталып отыр. Қылмыскер болып шыққан екі адамның жәбірленуші болып, өздерінің қылмыстарын жабу мақсатында тергеуді жүргізіп отырған Ербол Шынәділ мен ұйымдастырушы Исаев Қанаттың әрекеттері. Жалпы тергеу барысы ойдан құрастырылған, сот процесі біржақты жүріп жатыр. Екі жәбірленушінің сотқа берген жауаптары қайшылықтарға толы. Жәбірленушілер айыптау актісіндегі іс-әрекеттерді білмейтіндігіне көзіміз жетті. «Бұл жазбаны білмеймін, Ербол осылай деп айт деді, Ерболдың айтқанын ұмытып қалдым, мен өз айтқанымда тұрам» деген сөздерін естідік жәбірленуші Дәулет пен Нұрболдың. ҚР Контитуциясында кез-келген Қазақстан азаматы меншік иеленуге құқығы бар, егер кімде-кім меншік иелену құқығына кедергі келтіретін болса, жазаланады делінген. Даудың басы Сауран ауданы Чапаев ауылының тұрғыны Әбдібек Жақсыбековтың екі қойының жоғалуынан басталған. Қазір кінәланып отырған полицейлер, сол қой ұрлығы қылмысын ашқан. Жәбірленушелердің ұрлығын дәлелдеп отыр. Ол екеуі қойды қалай ұрлағандарын, қылмысты қалай жасағандарын өздері толық айтып берген, мойындаған. Видеолары да бар. Осының ешқайсысы тергеу барысында айыптау актісін жазған кезде ескерілген жоқ. Қой ұрлығы туралы мүлде көтерген жоқ. Олар былай деп отыр: ұрланбаған малды ұрлады деп айып тақты дейді. Жәбірленушілер осы мәселелер айталған кезде үндемей тыңдап отырды. Қарсы ештеңе айтқан жоқ. Прокурор соған қарамастан 5 жыл 6 айдан соттауды сұрап отыр. Неге тергеу барысындағы қателіктер ескерілмейді? Тергеудің ойдан, қолдан жасалғандығы туралы фактілерді сот неге назарға алмайды? Қанат Исаев пен Ербол Шынәділдің тергеу процесін қалай жүргізгені туралы, кімнен қандай ақша бопсалағаны туралы бәрі айтылды. Бұл мәселелер туралы мүлде сөз қозғалған жоқ. Сондықтан айыптау актісімен мүлде келіспейміз», — деді сотталушының анасы Ләззат Маралиева.


«Ұрылардың екеуі де бірнеше реттен қайталап қылмыс жасағандар…»


Жуырда Түркістан облысында педофилдің қолынан 5 жастағы қыз мерт болды. Күдікті бұрын адам өлтіріп сотталған. Екінші рет қайталанған қылмыс кезінде ауылдасын балтамен ауыр жаралаған. Алайда күдіктіні Түркістан облысының судьялары қамаудан босатып жіберген. Салдарынан бостандықта тайраңдаған педофил жазықсыз кішкентай қыз баланы айуандықпен өлтірді. Егер судьялар қылымыскермен шындап күрескенде, әділ жаза тағайындағанда дүйім елді дүрліктірген бұндай сұмдық орын алмас еді деп санайды саурандықтар. Халық биліктен әділетсіз судьяларды да жазалауды сұрап жатыр. Ал саурандық тұрғындар бұрын сотталып шыққандар тағы да мал ұрлығына барғанын, десе де олардың бостандықта, әрі жәбірленуші мүсәпірдің кейпінде жүргенін айтады. Сөздерінше, олардың тағыда қылмысқа бармауына кепіл жоқ. Өйткені екеуі де бірнеше реттен қылмыс жасап үлгерген. Ауыл тұрғындары ұрылар емес, ұрлықты ақшан полицейлердің қамауда болуы нағыз әділетсіздіктің көрінісі деп санайды.


«Кезінде қылмыс жасап сотталып шыққан сотталушы қайталап қылмысқа барған, зейнеткердің қорасындағы қойын ұрлаған. Бірақ, жолын тауып құтылған. Ұрыларға жаза қолданбай, керісінше әділетсіз видео, монтаждалған аудио жазбаға ғана сүйеніп, жазықсыз полицияларды соттап жатыр. Сотта денелеріне зақым келгені жайлы еқшандай сараптамалық қортынды жоқ. Неге шыққан бойда бірден арызданбаған? Неге бәлен айт өткен соң арызданған? Бұл таза тапсырыс. Ертең сол сотталғандар тағыда қылмыс жасаса, адам шығына әкелетін ауыр қылмысқа барса, мына судья мен прокурор елдің алдында қалай ақтала алар еді? Ұрыларды босатып, ұрлықты ашқан полицейлерді соттадық деп тұра ма?! Сарығашатағы ауыр қылмыс осындай судьялардың жауапсыздығынан болып отыр. Егер, осы саладағы адамдар сатылмай, әділ болғанда кішкентай қыз аман жүрер еді. Бүгін жәбірленуші болған қос ұрының ертең тағы қылмысқа бармасына кім кепіл? Бірден алты полицейді соттау ақылға қонымсыз. Досан Дәулеткелді Сәкенұлы 15.10.1994 жылы туған.11.02.2020 жылы Кентау қалалық сотының үкімімен денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша ҚР ҚК 106 бабының 3-бөлігімен сотталған. Өмірбеков Нұрболат Байбекұлы 12.11.1987 жылы туған. Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасы оны 24.03.2015 жылы ұрлық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, қамауға алған. 30.06.2015 жылы жәбірленушімен татуласына байланысты қылмыстық іс қысқартылған. 31.03.2018 жылы Түркістан қалалық ІІБ оны тұрғын жайға заңсыз кіру бойынша ҚР ҚК 149 бабының 2- бөлігімен қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленушімен татуласуына байланысты 19.04.2018 жылы іс қысқартылған. Ал былтыр екеуі тағыда мал ұрлаған. Сонда бұл екеуі қылмыстан құтыла береді де, оларды ұстаған полицейлер жазалана бере ме?», — деді сотталушының анасы Рая Құдайқұлова.


Аталған жағдайға қатысты ата-аналар судьядан тергеуді қайтадан жүргізуді, қылмыстық істің қозғалуына себепкер болған видео, аудио жазбаларға тәуелсіз сараптама жасатуды сұраған. Бірақ, олардың талаптары қанағаттандырылмады.


«Қамауда отырған 6 полицияның бірі Өсербаев Бексұлтанның анасы боламын. 10 айдың көлемі болды, әділдікке жете алмай келеміз. Оқиға екі қойдың ұрланғанынан басталған. Сол екі қойы жоғалған жәбірленуші Әбдібеков Жақсыбек атаның қойын тауып, кімнің ұрлағаны туралы дәлелмен көзін жеткізіп, жігіттерді ұстап берсе де қамалмай отыр. Бұл екі адамның үстінен бұрында да қылмыстық істер қозғалған. Бұрын біреуі қыз зорламақ болған, ұрлық жасаған, ал екіншісі адам өлтірген. Енді міне біздің ұлдарымызды дәлелсіз қамауда ұстап отыр. Куәлар да бар, бірақ олардың жауабы ескерілмеді. Соттың жүріп жатқанына 5 ай болды. Жазықсыз қамалып отырғанын жеткізе алмай келеміз. Қазір соттың үкімін күтіп отырмыз. Әділ шешім шығарады деп сенеміз», — деді сотталушының анасы Манзура Мелдебекова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...