Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Ауыл тұрғындарынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ұсақ малды сатып алу жобасы басталды

Танымал

Ел аузында

«Байсерке-Агро» компаниясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өсірген  ұсақ малын сатып алу жобасын іске асыра бастады. Мақсат – шаруа қожалықтары үшін тұрақты өнім өткізу нарығын құру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінде қазақстандық қой етінің экспорттық әлеуетін дамыту.

Жоба аясында «Байсерке-Агро» ауыл тұрғындарынан ұсақ мал (қозы, қой, ешкі) сатып алып, олар үшін қой етінің шикізатын жеткізушілердің тұрақты нарығын құрады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ветеринария, малды ұрықтандыру және жемді дұрыс дайындау мәселелері бойынша жәрдемдеседі. Компания өзінің бордақылау алаңдарында ауыл тұрғындарынан сатып алынған ұсақ мал бордақылауды жүргізіп, шет елдерге өткізу үшін қажетті жағдайға жеткізеді.

«Первомайские деликатесы» ЖШС ауыл тұрғындарынан ет өнімдері мен шұжық өнімдерін өндіру үшін қой сатып алатын болады. Қазіргі уақытта жылына 800 тонна қой етінің экспорттық әлеуеті бар. Жылына 50 мың бас көлемінде ұсақ малға үлкен қажеттілік бар.

«Ауыл аманаты» жобасы 2023 жылдың басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басталды. Бағдарламаның Алматы облысындағы операторы «Қонаев» ӘКК болып табылады.  Бағдарлама аясында ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары мемлекеттен мал шаруашылығы мен фермерлік саласындағы кәсіпкерлік қызметке жеңілдетілген пайызбен несие ала алады.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды. Жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды. Бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 пайыздан аспайды.

Қаражатты: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері ала алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...