Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Уролог баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты

Танымал

Ел аузында

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бұл туралы маман Dope soz YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Уролог баланы жұп жаста сүндеттеуге болмайтыны сұраққа жауап берді. 

«Ең дұрысы пубертат уақытына дейін (жыныстық жетілгеннен кейін-еск.) сүндеттеген дұрыс. 13 жас – үлкен жас болып кетеді. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс», – дейді Нұржан Нұрғалиев. 

Уролог-онколог сүндеттеу – денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті. 

«Мысалы, АҚШ-та 1996 жылға дейін көп баланы сүндеттеді. Бүгінде статистика бойынша, ер адамдардың 70 пайызы сүндеттелген. Ислам елдерінде 99 пайыз ер адам және кейбір Еуропа елдеріндегі ер адамдардың 20 пайызы сүндеттелген. Африка елдерінде 2000-жылдары зерттеу жүргізілген. Яғни сүндеттелген және сүндеттелмеген ер адамдарда инфекция жұқтыруда айырмашылық болған», – дейді маман. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...