Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Сот жүйесіндегі ашықтық халықтың сотқа деген сенімін арттырды

Танымал

Ел аузында

Сот жүйесінде соңғы жылдары жасалған өзгерістердің барлығы дерлік халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталды. Өйткені бір кездері саладағы жүйесіздік салдарынан халық тарапынан сотқа сенім қашып, тіпті сот шешіміне наразылық танытушылар да көбейіп кеткен еді. Сот шешіміне наразылық танытып жазылған хаттар соңғы кездері күрт азайған. «Мұның басты себебі саладағы өзгерістер» дейді сарапшылар. 

Осы орайда айта кетсек, ең алдымен салада заманауи ақпараттық технологияларды қолдану – сот қызметінің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етіп келеді. Қазір тіпті сот істеріне судьяларға бөлуге мамандар араласа алмайды. Бәрін автоматты жүйе арқылы бөледі. Нәтижесінде алдын ала кімге қай судья тап келетіні немесе судьяларға қай істің алдын ала келетіні белгілі емес. Яғни адамдар тамыр таныс іздеп, судья көңілін табуға тырысады деген күдік сейілді.  

Бүгінгі күні халық әлеуметтік желіде белсенді. Кейбір мәселелер қоғамдық пікірден соң оң шешім табуы әдетке айналды. Демек халықтың үніне айналып отырған әлеуемттік желіде құқық қорғау орындарының да белсенділігі маңызды. Осы орайда Жоғары сот та бірнеше жылдан бері қарамағындағы сот қызметкерлеріне барынша әлеуметтік желіде белсенді болуды талап етуде. Сондықтан еліміздің барлық соттарының желіде парақшалары ашылды. Осы ашық алаңда халық пен соттар өзара пікір алмасып, сауал қойып, жауап алып ашықтыққа көшкені байқалуда. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде белсенді, кейбір шу туғызған сот отырыстарын қоғаммен ашық талқылап отыруды әдетке айналдырған соттар халық алдында бедел де жинап үлгерді. Кейбір соттардың әлеуметтік желідегі парақшасында халық сот шешіміне қарсылық танытып, азаматтар шағымын қалдыруда. Дер кезінде болған кері байланыс сотқа деген халықтың сенімін арттыратыны анық. Еліміздің Жоғарғы сотының да әлеуметтік желіде арнайы парақшасы ашылған. Мұнда да қалаған адам шағымын қалдырып, Жоғары сот тарапынан жасалған өзгерістерді анық көріп, сот саласының жаңалығымен де танысуға болады. Бәрі ашық, жариялы түрде жүзеге асуда. Осы орайда еліміздің сот орындарының мұндай ашықтығы «Әділетті Қазақстан» құруға ұмтылған еліміздің ниетімен астасып жатыр деп айта аламыз. Әсіресе осы әлеуметтік желі арқылы халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары өте жақсы жүруде. Қазір халық өзінің кез келген мазалаған сұрағын желіде жазып қалдырса, құзырлы орындар құқықтық жігін ажыратып, талдап, халыққа түсінікті тілде жол сілтеуде. Сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлері мамандары саладағы маңызды тақырыптарға арнап мақала жазып, заңдарға түсініктеме беріп, халықтың құқықтық сауатының артуына көңіл бөлуде. Бұл да болса елімізде жасалып жатқан оң қадамдар деуге болады. 

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Такие похожие счастливые судьбы матери и дочери

В городской многопрофильной больнице города Конаев трудятся прекрасные врачи Амеркулова Нургуль Омаровна и Мусаепова Асем Бахытжановна. Женщины не только...