Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма? Бұл сұраққа Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент Қазақстанға үш шетелдік банкті тартуды тапсырды. Шетелдік ойыншылардың келуіне байланысты қазақстандықтарға арзан несие бола ма? Мысалы, 1 пайыздық ипотека?», – деп сұрады журналистер.

«Жаңа банк келсе де, ол елде қалыптасатын базалық мөлшерлемеге қарайды. Ол экономикадағы ақшаның құнына назар аударады. Шетелдік банк келіп, ресурстарды әртүрлі мөлшерлемемен ұсына бастайды деп күту – олай болмайды. Экономикадағы ақша құны және кез келген жағдайда ол базалық мөлшерлемеге қарайды», – деді Әбілқасымова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде донорлық үдерістер қолданыстағы заңнама...