Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Ерке Есмахан: «Ет қымбаттады, енді веган боламыз ба?»

Танымал қазақ әншісі Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына әзіл-шыны аралас жазбаларын жиі жариялап отырады.

Танымал

Ел аузында

Эстрада әншісі Instagram-дағы кезекті постында елдегі қымбатшылық мәселесін сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әнші желідегі оқырмандарына супермаркеттердің бірінде азық-түлік сатып алып жүрген видеосын жариялаған.

Видео астына ол: «Ет қымбаттап жатыр екен, енді шөп-шалаң жеп, веган боламыз ба?! Иттерді де жеуге тыйым салып тастады», – деп қымбатшылық мәселесін астарлы әзілмен қозғаған.

Оның бұл жазбасына желідегі оқырмандар да жарыса пікір білдіріп, азық-түліктің қымбаттап жатқанына күйінді. «Сәбізден котлет, қызылшадан котлет жейміз буға пісірілген», «Сәбіз де қымбат қой», «Қымбаттағанда айтпа, не жейтінімізді білмей қалдық қой», «Ерке де үнемдегеніне қарағанда мықты қымбаттайын деп тұр-ау», «Сізге ет алу сөз емес қой», – деп жазды олар.

Айта кету керек, елімізде расымен де азық-түлік тауарларының, әсіресе ет бағасы инфляциясының жоғары деңгейі сақталып отыр. Ұлттық банктің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, ет бағасының ең жоғарғы өсімі (3,2 пайыз) Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте сиыр еті (5,3 пайыз) мен жылқы еті (4 пайыз) қымбаттаған. Ал жалпы ел бойынша өсім сәйкесінше, 1,6 пайыз және 1,4 пайызды құраған екен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...