Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1.9 C
Nur-Sultan
12.2 C
Almaty
14.2 C
Shymkent

«Құмаройынмен алғашқы пәтерімді алдым». Танымал журналист ешкім білмейтін құпиясын бөлісті

Танымал

Ел аузында

Спорт журналисі, комментатор Ермұхаммед Мәулен ешкім білмейтін құпиясын бөлісті. Бұл туралы ол Бөкей арнасына берген сұқбатта айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спорт комментаторы бәс тігу арқылы пәтерінің алғашқы жарнасын төлегенін жеткізді.

«2014 жылы шамамен 450 мың теңге бәске қойдым. Ол кезде Псж құрамасына қарсы ағылшындық Челси құрамасы ойнады. Мен ол кезде Псжның жанкүйері едім. Себебі сол құрамада Златан Ибрагимович, Кавани есімді ойыншылар ойнады. Мен Псж құрамасының келесі кезеңге өтеді деген жерін болжадым. Ол бәсім менің шығып кетіп 1 миллион 300 мың теңге ұттым. Сол ақшаны алып, отбасы банкке салдым. Ал оған дейінгі салған ақшам 3 миллион теңгеге жеткен. Алғашқы жарнаға төлейтін ақша дайын тұр сөйтіп сол ақшаны төлеп пәтерді алдым. Сол жылдары 30 пайызын төлесіңіз ипотекаға үй аласың. Бірақ көбісі айтып жүр екен Ермұхаммед Мәулен алғашқы пәтерін құмаройыннан ұтып алған деп. Алғашқы жарнасын төлеп алғаным, өтірік емес. Ол рас. Ұтыспен пәтер ұтып алмадым тек сол пәтердің алғашқы жарнасын төлеуге ұтыс себеп болды», – дейді Ермұхаммед Мәулен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...