9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан елге әкелінді

Танымал

Ел аузында

Ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген айыппен Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Мұндай қылмыстық құқықбұзушылық үшін мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....