Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Төреғалидің жары алғаш рет қызының сырқаты туралы айтты

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі алғаш рет үлкен қызының сырқаты туралы айтып, халыққа жан сырын ақтарды.

Танымал

Ел аузында

Толқын Тұрарбекқызы өзге ата-аналарға қолдау білдіріп, бұл сынақпен күресу жолдарын бөлісуге уәде етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің әйелі Instagram парақшасында барынша ашылып, қызының сырқатына қатысты шындықты айтты. Жұлдызды әулет бұған дейін бұл жағдай жайында ешкімге тіс жармаған болатын. Толқын Тұрарбекқызы өз жазбасында бұл мәселе жайлы көпшілікке айтуға өзін не итермелегенін де түсіндіріп өтті.

«Үлкен қызымның жағдайын сұрап, үнемі алаңдап отыратын оқырмандарымның барына шүкір. Кәусар деген қайсар қыздың үлкен жеңістері жайлы кішкентай ғана хикаясын осында айтып берем деп едім. Еш тиімді уақыт таба алмай жүргенмін. Бір жағынан, сырт көзден осы уақытқа дейін сақтағаным болар. Балапанымның жеке жағдайын көп айтқым келмегені де болар. Десе де, соңғы кезде жекеме баласының сырқаты туралы жазып, жан сырын ақтара жазған аналардың хаттарын көп ала бастадым. Кәусардың күннен күнге жақсы болып келе жатқан жағдайы, біздің жүріп өткен тәжірибеміз өзгелерге демеу болуы мүмкін. Біз сияқты ата-аналарға қолдау көрсеткім келеді», – деп бастады Толқын.

Әншінің келіншегі бүгінде қызының жағдайы жақсарып келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, ол өздері секілді баласы сырқаттанған жандарға қолдау білдіріп, оларды жігерлендірді.

«Кәусар бүгін алты жаста. Алланың қалауымен ол айы-күніне жетпей, алты айында дүниеге келді. Аллаға шүкір, Кәусар сондай мерзімде туылса да, өмір үшін күресте өте батыл қыз. Әр ата-ана үшін баласының денсаулығынан артық нәрсе жоқ. Біз үшін де солай. Кез келген бала ауырғанда оған керегі – анасы, оның сенімі мен қолдауы. «Балаң адам болмайды» деп атылған оқтай айтылған сөз аналарға өте ауыр. Алайда, кім не айтса да ата-ана баласының мүмкіндіктеріне, күш-жігеріне еш күмәнданбауы керек. Баланың аяғына кірген тікен, ананың жүрегіне барып қадалады. Сондықтан, көптеген ананың соңына дейін жетуге шыдамы жетпей қалады. Кәусардың емімен жүріп, біраз диагнозы бар балаларды көрдім. Жеңілі бар, ауыры бар. Сонда аналары балаларының емделетініне өздері сенбейді, күреспейді. Оны көргенде қатты жаным ашиды, жүрегім ауырады», – деп жан сырын ақтарды ол.

Толқын Тұрарбекқызының сөзінше, ана мейірімі бала үшін нағыз дұрыс шипа. Ол сынақ берілген ата-аналарға ешқашан үміт үзбей, соңына дейін күресуге шақырды. Жұлдызды жанұя өз қыздарының болашақта толығымен жазылып кететініне кәміл сенеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...