Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстандық кәсіпкерлерге 2,4 миллиард теңге қайтарылады

Танымал

Ел аузында

Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқығына нұқсан келтіретін деректерді анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.

«Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін «№3 Sk автовокзал паркі» ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 миллион астам теңге төлеген.

Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 миллиард теңгеден жоғары қаражатты аударған», – делінген хабарламада.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы жеткізілді.

Сонымен қатар, көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 миллион теңге қайтарылды.

«Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...