Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Сәния Мұратоваға қатысты жанжал: экс-депутат қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Әкімшілік соттың 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы ұстау изоляторына қамалды», – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция Мұратованың қайда екенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы экс-депутаттың қатысуынсыз шешімді оқыды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы, аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман...