Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгеруі ықтимал – министр

Танымал

Ел аузында

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бұл компания Қазақстан меншігіне өткен соң, Үкімет оның орнына ешқандай шетелдік инвесторды тартуды қарастырып отырған жоқ.
Жаңа инвестор келгенде компаниядағы барлық қызметкер саны, жалақысы, еңбек шарты өзгермейді», – деді Қанат Шарлапаев
Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол «АрселорМиттал Теміртаудың» атауы өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

«Компанияның қазіргі басшысы ауысса, оның атауы өзгереді. Компанияның жаңа атауы қандай болатынын жұмыс істейтін қызметкерлермен ақылдасу арқылы шешкен жөн деп ойлаймыз», – деді министр.

Қанат Шарлапаевтың айутынша, былтыр «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 3 млн доллар пайда тапқан. Сондықтан ол өз жұмысын жалғастыра беретініне күмән жоқ.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында министрге «Серік Ахметов (бұрынғы Премьер-министр, Қорғаныс министрі – автор) «АрселорМиттал Теміртауға» инвестор болады деген ақпарат қаншалықты рас?» деп сұрақ қойылды.

Ол бұл мәселеге түсінік бере алмады.

«Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны айта аламын», – деді Қанат Шарлапаев.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысы Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші көз жұмды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...