Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Қарақатты мен туған жоқпын». Ақын Қымбат Әбілдақызы отбасылық өмірі туралы бар шындықты айтты

Танымал

Ел аузында

Танымал журналист, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы әнші Қарақат Әбілдинаның туған анасы екені рас па? Ақынның өзі ел ішінде тараған әңгімеге қатысты «Мақсатына жеткендер» бағдарламасында бар шындықты айтып, қауесеттің нүктесін қойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақын Қарақаттың анасы осы кісі екен деп санайтын жұртқа жауап берді.

«Қарақат 1978 жылы туған. Мен ол жылы төртінші жыл қатарынан ҚазГуге оқуға түсе алмай, бір күн Алматыда қыдырып қалмай, конкурстан өтпеген күні-ақ пойызға мініп Жаңаарқаға кетіп қалдым. 1978 жылы мен ауылда мектепте жұмыс істеймін, қысқасы, мен сонда Қарақатты қай жерде жүріп тапқанмын? Ауылымда жүріп пе? Менің әкемнің мінезі өте қатты болды. Кешіріңіз, күнәға батасыздар! Әйтпесе, Қарақаттай қызды тудым десем несі бар, егер мен туып тұрсам? Бірақ Құдай бар ғой, туған жоқпын.

Мен сыртта, кемпір-шалдың қолында өскендіктен, туғанына жат болып кетпесін деп, марқұм әкем Қарақатты сен үшін тудық, сенің артыңды жинап жүрсін, киіміңді үтіктеп, ыдысыңды жуып жүрсін дегеннен кейін, мен оны ерте алып кетіп оқыттым. Мен сияқты қиындық көрмесін деп жолын ашып бердім, тұрмысқа шыққанға дейін темірдей тәртіппен тәрбиеледім. Құдай алдындағы айтарым осы, адамдардың бәріне менің шындығыма сен деп қинамаймын ешкімді», – дейді ақынның өзі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...