Елімізде такси тарифтері тексерілетін болды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі такси қызметі нарығын талдауға кірісті.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қыркүйек айында агенттік барлық әлеуметтік маңызды нарықтар, соның ішінде такси агрегаторлары нарығы үшін тексеру шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлады.  ⠀

«Бүгінгі таңда баға мониторингі, осы нарықтағы бәсекелестік жағдайын талдау және бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен қолданыстағы тарифтер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қызметі, мобильді қосымшаны пайдалану кезіндегі комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Егер нарықта бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталса, монополияға қарсы шаралар қабылданады, деп ескертті ведомство.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Археологиялық зерттеу – тарихи жаңғырудың негізі

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған баспасөз турында музей-қорықтың жаңа туристік бағытына енгізілген тарихи-мәдени нысандар көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға бұқаралық...